5 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Махин Ыбырайым 1913 жылы Торғай уезінің Тосын ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы туған ауылында басталған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. 1943 жылы жаралы болып елге оралған. Соғыста Сталинград майданында болған. 1943-1951 жылдар арасында 14 ауыл «Қызыл жар» ұшымшарында бригадир болып жұмыс атқарған. 1951-1960 жылдар арасында Киров атындағы ұжымшарда қой фермасының меңгерушісі болып істеген. 1961-1967 жылдары мал азығын дайындаушылардың бригадирі болған. 1967-1975 жылға дейін КОКП ХХІ съезі атындағы кеңшарда Қазасалған бөлімшесінің қойма меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққан. Ұлы Отан соғысы қатынасушысы ретінде Жеңістің мерекелік медальдарымен, Отан соғысы орденімен марапатталған. Сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалінің иегері. Зайыбы Әмірқызы Ақбибімен 56 жыл өмір сүрді. Бұл кісіде 7 бала, 22 немере, 18 шөбере бар. Қатардағы жауынгер 1998 жылы ақпанда қайтыс болды.