Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Еңбек еткен, өмір сүрген

7 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

РАХМЕТОВ ОҢАЙБЕК 1924 жылы 13 қаңтарда Қостанай облысы, Урицкий ауданы, Қарамырза ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 16 желтоқсанда әскерге жарамды болып табылып, туған ауылы Қарамырзадан майданға аттанады, 81 атқыштар полкінде мерген болады. Сонан кейін 842 бөлімшеде пулеметші, 513 бөлімшеде қатардағы жауынгер, ерекше бөлімде механик. 1943 жылдың қарашасынан 1945 жылдың мамырына дейін 208 атқыштар полкінің мергені, 1945 жылдың мамыр айынан 1946 жылдың қаңтарына дейін танкішілер дайындығының курсанты, 1946 жылдың қаңтарынан 1947 жылдың көкек айына дейін ауыр танкілер полкінде танк жүргізушісі болды. Туған елге 1947 жылдың мамыр айында келді. Соғыс кезінде оң қолы мен оң аяғынан жеңіл жараланып, бірнеше медальдармен марапатталған. Қостанайдың солтүстік аудандарынан Торғайға механизатор мамандығы бар жастарды жіберген кезде қазіргі Шеген ауылына келіп, қатардағы жүргізушіден механиктік жұмысқа жоғарлатылды. Торғай жерінен бақытын тапты – жұбайы Күлдірай Хасенқызы екеуі өмірге 10 бала келтірді. Жұбайы – батыр ана. Оңайбек Рахметов 1974 жылы дүниеден озды. Еңбек еткен, өмір сүрген ортасында лайықты беделге ие азамат еді.