8 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Райысов Мұқат 1906 жылы Торғайдың Бестау аумағында туған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін бірнеше медальдары бар. Елге оралғаннан кейін ұжымшарда, кейін кеңшарда малшы боп жұмыс жасады. Өзі 1989 жылы дүниеден өтті. Ұрпақтары Әулиекөл, Қостанай аудандарында, сондай-ақ туған жері Шиліде тұрып жатыр.