8 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Тастеміров Торыбай
Торғай уезі, Аралбай ауылында 1897 жылы туған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы қыркүйек айында аттанды. 121 атқыштар полкі құрамында Украина майданында болды. Соғыстың соңғы күндеріне дейін Отан қорғаушылар сапында болған. Украина майданындағы жауынгерлік ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталған. 1945-1946 жылы Украинадағы Донбасста жұмыс істеп, елге оралған. 1946 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Жангелдин атындағы ұжымшарда белгілі шопан боп еңбек жасады. 1986 жылдың 3 тамызында дүниедене өтті. Жұбайы Ділмағанбетова Бақтылы екеуі 1 ұл, 2 қыз өсірген. Ұлы мен қыздарынан тараған 10 немересі, 8 шөбересі бар.