Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Темірғалиев Әбдірахман

8 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Темірғалиев Әбдірахман

1925 жылы Қошалақта туған. 1943 жылы Торғай әскери комиссариаты соғысқа жіберген. 149 артиллерия полкінің жауынгері бола жүріп, талай ұрыстарға қатынасқан. Әскерден тек 1947 жылдың ақпанында босап келген. Сауатты да қоғамшыл жігіт аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімін басқарды. Торғай селолық кеңесінде, аудандық қаржы бөлімінде жауапты жұмыстар атқарды. Кейін өмірінің біраз кезеңін құрылыс саласына арнады. Аудан орталығында көп ғимараттарда Әбекеңнің қолының таңбасы бар. Жұбайы Ақсара екеуі 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірді. Өзі 1988 жылы дүниеден өтті. Ұрпақтары Астана, Торғай қалаларында тұрып жатыр.