9 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Тұрғынбаев Қаби
20 мамыр 1908 жылы Торғай уезі, қазіргі Шеген ауылында дуниеге келген. Ол 1939 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне түсіп, 1941 жылы осы оқу орнының толық курсын бітірген. Ол 1941 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай облысының Федоров ауданындағы Батмановка жеті жылдық мектебінен Ұлы Отан соғысына аттанады. 54 атты әскер дивизиясының 9-ші полкінде қызмет етті. Содан кейін 1941 жылдың 14 желтоқсанында Калинин қаласының оңтүстігінде екінші рет майданға кірді. Ұрыстарда ерлігімен көзге түскен аға сержант Қаби Тұрғынбаев бөлімше командирлігіне тағайындалды. Белоруссияның Мозель қаласы үшін болған ұрыстан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945 жылдың аязды қысында Минск-Мазовелук түбіндегі ұрыстағы ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Аға сержант Қаби Тұрғынбаев жеңіс күнін әйгілі Эльба өзені бойында қарсы алады. 1945 жылдың 16 желтоқсанында елге оралып, міне содан бері ширек ғасыр уақыт педагогтік қызмет атқарып, 1968 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Ол 1991 жылы 21 желтоқсанда дүниеден өтті. Артында қалған Отарбай есімді ұлы қарт жауынгердің әулетін жалғастырып, ұл-қыз өсіруде.