Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Темірбаев Дайырхан

9 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Темірбаев Дайырхан

1906 жылы Тосынның Алакөл аулында дүниеге келген. Ұста болатын. 1942 жылы әскерге алынып, Смоленск, Харьков қалаларын босату ұрыстарына қатынасқан. Елге 1945 жылы оралған. Ұжымшарда, одан кейін кеңшарда ұсталық кәсібін жалғастырған. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен марапатталды. І дәрежелі Отан соғысы ордені мен Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалі бар. Еңбек ардагері 1995 жылы туған аулында қайтыс болды.