Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Тәшімбетов Жұмағали

12 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Тәшімбетов Жұмағали 1904 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айында армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында 971 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде ауыр жараланып, эвакогоспитальге түскен. 1943 жылдың ақпан айында соғысқа жарамсыз деп тауып, елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», сондай-ақ соғысқа қатынасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарындағы мерекелік медальдардың барлығын да алған, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан қайтып келісімен Сталин атындағы ұжымшарда мал бағуға кірісті. Ерен еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліне, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасына ие болды. Өмірде екі қыз, бір ұл өсірді, қазіргі күнде 16 немере, 22 шөбересі бар.