12 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Тоқсанбеков Сүйін
1921 жылы Торғайдың қазіргі Жангелдин аудандық округінде өмірге келген. Әскерге 1942 жылы алынып, Ростов қаласы маңында ұрыстарға қатысқан. Елге 1944 жылы мүгедек боп оралды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, сондай-ақ Жеңістің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілген. Бейбіт өмірде де озат шопан болды – «Октябрь революциясы» орденін тағы басқа медальдарын алған еді. 1980 жылдары дүниеден өтті. Балалары жақсы маман, ілтипатты жандар боп өсті. Ұрпақтары Астана, Арқалық, Торғайда тұрады.