Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Сарсенбаев Төлекен

15 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Сарсенбаев Төлекен

1917 жылы Торғайдың Сужарған ауылында туған. Бұл кісі ауданда техника тілін біліп, алғашқы машина жүргізушілердің бірі болды. Әскерге 1942 жылы алынып, соғыс кезінде де шоферлық жұмыста болған. Алған бірнеше медалдары бар. Әскерден 1945 жылы оралып, өзінің кәсіби жүргізушілікпен 1 Май ұжымдарында еңбек етті. Кейін мал бордақылау, «Речной» кеңшарларында өз мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1977 жылы зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңстің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Артында әр қайсысы отбасын құрып отырған ұл-қыздары бар. 1995 жылы дүниеден өтті.