15 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Сарсенбаев Тапал
1908 жылы дүниеге келген. Соғыста жүріп, аяқ-қолынан жараланып, 1944 жылы елге оралған. Сол жылдары үйленген. Ұлы Жеңістің 40-жылдығында І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Елге оралғаннан кейін 2-3 жыл аңшылықпен айналысқан. Одан кейін мал шаруашылығымен айналысып, шопан болған. Соғыста жүріп алған бірнеше медальдары болған. Жеңістің, Қарулы Күштерің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен марапатталған. Жеті ұл, төрт қызы бар. Ұлдарынан 33 немересі, 7 шөбересі бар. Тапал ағамыз соғыста жүргенде әйелін еңбек армиясына әкеткен. Майданнан елге оралғанда үйінде әйелі жоқ болғандықтан, екінші рет отбасы құрып, Күлтай атты жұбайымен бас қосқан. Еңбек армиясынан келген Ұлбосын да Такеңнің қарамағында болды. Кеңес заманындағы өте тату өмір сүрген күндестер еді. Соғыс және еңбек ардагері 1994 жылы дүниеден озды.