Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Адаев Қабдыраш

16 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Адаев Қабдыраш

1920 жылы Торғайдың Шилі өңірінде туған. Әлмұхамед Оспанұлы дәріс берген «Бостандық» бастауыш мектебін бітірген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Ұлы Отан соғысының ардагері Берлинді алу үшін айқастарға қатысқан. Жауынгерлік бірнеше медальдары бар. Бейбіт уақытта Қостанай қаласында ішкі істер органдарында қызмет істеген, 1960 жылдан бастап «Шилі» кеңшарында әр түрлі жұмыстар атқарды. Жұбайы Фарида Ұсманқызы екеуі бірнеше ұл-қыздар тәрбиеленген үлгілі отбасы болатын. Ақкөңіл, көпшіл ақсақал еді. 1998 жылы Милісай ауылында дүниеден өтті. Балалары Қостанайда, туған ауылында тұрып жатыр.