Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Сейітқасымов Ысқақ

19 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы

Сейітқасымов Ысқақ 1893 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында туған. Білімді әуелі ауыл молдасынан алған, кейін Торғайда Иванов мектебінде оқыған. Серіктестікте істеп, өзінің бейімділігі арқасында аудан оралығындағы «Қызыл Ту» артелінде тігіншілікте істеген. 1942 жылдың наурыз айында армия қатарына шақырылған. Украин майданының 214 запастағы полкінде 1 жыл, 235- ші бөлекше ротада 2,5 жыл қызыл әскерге киім тігумен айналысқан. Соғыс кезінде «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Ұрыста алған жарақаты бар. Армиядан 1945 жылы босап келген. Бейбіт өмірде Торғайдағы балалар үйінің шаруашылық жағын басқарды. Ұлы Отан соғысынң қатысушысы ретінде Жеңістің мерекелік медаль- белгілерімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Жұбайы Алтынсары Бижанқызы екеуі 12 перзент көріп, соның 2 ұл,1 қызының ғана өскенін көре алды. Қазір 15 немересі бар.