16 қазан 2020 жыл
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» тақырыбында Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин музейінің «Батырлар даңқы ұрпаққа өнеге» атты ғылыми-экспедициясы Торғай елінде болып, М.Дулатұлының туған елі Қызбелде болып, Бидайық елді мекеніндегі музейді аралап кесенесіне тағзым етті. Аудан орталығындағы музейлерді аралап, Ы.Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейінде кездесу өткізілді. Кездесуге мекеме басшылары қатынасты. Екі мұражай арасында музейлердің ғылыми және мәдени байланыстарын нығайту мақсатында өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Экспедициялық топтың құрамы:
1.Құдайберлі Рахымбекұлы Мырзабек-ақын,ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағының мүшесі, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры
- Махметова Аягөз Мұратқызы – Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері
- Айтмағанбетова Балым Серікқызы – Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері
- Қосаев Жарас Екібайұлы – оператор
5. Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайынан- Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы музейінің ғылыми қызметкері.