Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

ТӨРЕБЕКОВ ҚОЖАБЕК

20 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

ТӨРЕБЕКОВ ҚОЖАБЕК 1896 жылы Торғайдың Сужарған ауылында туған. Ауылда молдадан сауат ашқан. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда шығырмен егін салған. 1941 жылы маусым айында әскерге алынған. Ленинград майданында соғысқан. Үш рет жараланған. Ауылдас жолдасы Имекенов Кәжес немістің танкісі басып қала жаздағанда сүйрелеп аман алып қалғанын айтады екен. 1944 жылы қарашада елге келіп мал баққан, шығырмен су шығарып бақша еккен. 1960 жылдан бастап «Албарбөгет» кеңшарының «Сужарған» бөлімшесінде шопан болған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін атаулы жылдарда мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1966 жылы зейнетке шығып, 1981 жылы туған ауылында дүние салды. Қазірде ұл- қыздарынан тараған ұрпақтары өмірден лайықты орын алып, ел қатарлы тұрмыс кешуде.