Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Тайманов Тыныштықбай

20 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Тайманов Тыныштықбай

1916 жылы Торғай уезінің Сарсу ауылында туған. 1942 жылы Торғай әскери комиссариаты әскерге шақырған. Ленинград майданының 26 атқыштар полкінде ұрыстарға қатынасқан. Ауыр жарақат алып, 1943 жылы қарашада елге келген. 1944-1950 жылдары Торғайда аудандық қаржы бөлімінде істеген. 1950-1982 жылдар аралығында Жаркөл ауылында байланыс бөлімін басқарды. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының медаль-белгілерімен марапатталды. Жастардың ақылшысы, ағайын бірлігін ойлаған қарт 1997 жылы дүниеден өтті. Артында қалған ұлы мен қызы да хал қадырынша еңбек етіп, ұрпақ өсіріп отырған жандар.