Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Тайшықов Рағат

20 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Тайшықов Рағат

1904 жылы Торғайдың Сарысу қонысында дүниеге келген, әуелде серіктестікте, кейін ұжымшарда малшы болды. Әскерге 1942 жылы шақырылып, 1945 жылдың шілдесіне дейін ұрыстарға қатынасты, 24 ЗСП атқышы болды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, кейін Жеңістің атаулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. Бейбіт уақытта әуелі ұжымшарда, кейін «Албарбөгет» кеңшарында озат шопан болды. Жұбайы Қаршыға екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан тараған ұрпақтары Астана, Арқалық, Торғай қалаларында тұрып жатыр. Рекең 1989 жылы дүниеден өтті.