Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Тастеміров Тайшығара

20қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Тастеміров Тайшығара

1923 жылы қаңтарда Тосын ауылында дүниеге келді. Сегіз жылдық білім алады. 1942 жылы 18 маусым айында Отан соғысына ауыл азаматтарымен бірге аттанды. 97 мотоатқыштар баталонында атқыштар бөлімінде болды. Жарақатталған. Ұлы Отан соғысына қатынасып, көрсеткен ерліктері үшін кейін Жеңістің, сондай-ақ Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен, ішінде ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені бар, марапатталған. 1946 жылы май айында елге оралды. 1951 жылға дейін Тосын ауыл кеңесінің оқу үйінің меңгерушісі болды. Кейін Киров атындағы колхоздың сиыр фермасына басшылық жасады. 1947 жылы зайыбы Батимаға үйленді. 1959 жылдан ұжымшарда, кеңшарда есеп қызметінде болды. 1986 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты. 6 бала, 15 немере, 8 шөбересі бар. 1987 жылы 9 майда қайтыс болды.