21 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Тыныштықов Төлеген
1898 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы алынған. Сталинград майданында болған. Әскерден 1946 жылы босап келген. Ұжымшарда, кейін кеңшарда малшы болды. Бір ұл, төрт қыздан тараған ұрпақтары қазіргі кезде Қостанай қаласында, Алтынсарин, Аманкелді, Арқалық аудандарында тұрып жатыр. Соғыс ардагері ретінде мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Төлеген ақсақал 1970 жылы дүниеден өтті.