21 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
ТІЛЕНШИН ӘБДРАХМАН 1922 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1941 жылы мамырда Ақтөбе облысы, Шалқар аудандыцқ әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынады. Сталинград майданында 744 атқыштар полкінде болған. 1942 жылы майданнан жаралы болып елге оралады. Сол жылдың қарашасынан Ақтөбенің «Берсүгір» шахтасында істеген. 1946 жылы елге келіп үйленген. Мойынты- Шу теміржолын салуға қатысқан. 1951 жылы елге оралып алғашқы келген машинаның рөліне отырады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін кеңшарда жүргізуші болып жұмыс атқарды. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін алды. Отан соғысының қатынасушысы ретінде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ Жеңістің, Қарулы Күштерінің атаулы жылдарында мерекелік медаль- белгілерімен марапатталды. Артында балалары, немерелері бар.