22 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Хайруллин Дүйсенбей
1926 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарысуда туған. 1942 жылдың желтоқсанында армияға шақырылған. Негізінен Ленинград майданында 24 запастағы атқыштар полкінде жүріп ұрыстарға қатынасқан. Солардың бірінде аяғынан жараланған. Елге 1945 жылдың желтоқсанында оралған. Соғысқа қатынасушы ретінде мерекелік медаль-белгілермен марапатталған. Армиядан келісімен техника жүргізумен айналысты. Зейнеткерлікке, ұзақ жыл істеген жұмысы - бөлімше механиктігінен шықты. 1962 жылы Қаз.ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасына ие болды. Соғыс және еңбек ардагері 2007 жылы дүниеден өтті.