Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Хайруллин Әбеу

22 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Хайруллин Әбеу

1926 жылы Торғайдың Ақмырза ауылында дүниеге келген. Әскерге 1943 жылы алынып, Европа мемлекеттерін азат етуге қатынасқан. Армиядан 1950 жылы босап келді. Әуелі аудандық халық сотында орындаушы, дайындық мекемесінде есеп қызметкері, 1960 жылдан бастап ішкі істер органына жұмысқа ауысып, өмірден 1974 жылы өткенше абыройлы жұмыс жасады. Албарбөгет, Қызыләскер кеңшарларында аумақтық өкіл боп қызмет атқарды. Жұбайы Әбсұлтанқызы Несібелді екеуі 5 ұл, 1 қыз өсірді, қазір 10 немере, 1 шөбересі бар. Қызметін адал, адамдарға қайырымдылығы мол ішкі істер капитаны Хайруллин Әбеуді жерлестері ілтипатпен еске алады.