26 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Шалабаев Сейдахмет
1901 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. САУЖОЙдан және ауыл молдасынан сауатын ашқан. Кезінде серіктестікті басқарған. Ұжымшарда ферма басқарды. 1941 жылы әскерге алынды. Курск доғасындағы алапат айқастың куәгері. Елге 1945 жылы оралған. Кейінгі кезінде «Южный» кеңшарының Қарақұмдағы бөлімшесінің басқарушысы болды. Зейнетке 1965 жылы шықты, 1972 жылы өмірден озды. Артында Қуаныш есімді баласы, бірнеше немерелері бар.