Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Шақалақов Дүйсенбай

28 қазан 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Шақалақов Дүйсенбай

1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, қазіргі Шақшақ Жанібек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге алынып, Шұбаркөлде әскерге дайындықтан өтіп, сол жылы Воронеж бағытында, 464 атқыштар полкінде пулеметші болып шайқасқа кірген. 1944 жылы ауыр жарақат алып, оң аяғынан айырылады. Сонда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Саратов қаласындағы госпитальда емделіп, ІІ топтағы мүгедек болып елге оралады. 1946-1974 жылдар аралығында шаруашылықта шопан болып жұмыс істеген. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдардың иегері. Жеңістің 20, 30, 50 жылдық медальдарын алған. 1946 жылы жұбайы Зейнеш екеуі бас қосып, 9 бала тәрбиелеп өсірген. Қазір 18 немере, 11 шөбере бар. 1998 жылы қайтыс болған.