28 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Шақанов Ахат 1914 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл аулында туған. 1942 жылдың ақпан айында Торғай аудандық әскери комиссариаты армияға шақырған. Кавказ майданында 135 атқыштар полкінде қатардағы атқыш болыпты. Кейін Азов теңізі маңында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылдың күзінде жау снарядының жарықшағынан жарақат алып, госпитальге түскен. 1944 жылдың аяғында елге оралған. Жарасынан айыққаннан соң 1946 жылдан «Жаңа тұрмыс» ұшымшарында шопандыққа кіріскен. 1966 жылы Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен атап өтілді. Отан соғысының ардагері ретінде мерекелік медальдар мен белгілерге ие болды. 1991 жылы дүниеден өтті. Артында бес ұл, үш қыз қалды.