30 қазан 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Шаухин Көпжасар
1920 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Соғысқа дейін жүргізушілікті игерген. Әскерде 1941-1945 жылдар аралығында болды, ерліктері үшін жауынгерлік медальдармен марапатталды. Елге оралған соң Сталин атындағы ұжымшарда, кейін «Торғай» кеңшарында жүргізуші боп істеді. Өмірінің соңғы кезінде «Шилі» кеңшарында шопан болды. 1989 жылы қайтыс болды. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Балалары Жітіқара қаласында тұрады.