02.11.20
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Ыбраев Кәдір
1911 жылы Торғай селосында дүниеге келген. Жетімдікті ерте көріп, жақын туыстары, қамқоршысы болмағандықтан, 1923 жылдың мамыр айында балалар үйіне өткізілді. 1930 жылдың 5 мамырында балалар үйі Қарабалықтағы ауыл шаруашылық техникумына жолдама береді. Техникумды 1934 жылы бітірген соң, бөлімше агрономы ретінде Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданы, Клямен астық совхозына жіберілді. 1942 жылдың қаңтар айында әскерге шақырылып Оңтүстік майданның 37 запас полкінің жауынгері болды. 1942 жылы наурыз айында неміс армиясының қоршауында тұтқынға түседі. 1945 жылдың мамырында ағылшын әскерінің көмегімен босап, маусымда Қызыл Армиясының қарамағына ауыстырылады. 1945 жылдың 2 қарашасында армия қатарынан босап, еліне аман-есен оралады. 1945 жылы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданында бөлімше агрономы болып жұмысқа жіберіледі. Ал 1950 жылдан 1966 жылға дейін Қостанайдың Қарабалық, Меңдіқара аудандарында өз мамандығы бойынша қызмет атқарады. 1966 жылы тамыз айында аға экономист болып, туған Жангелдин ауданының КПСС ХХІ съезі атындағы совхозына жұмысқа орналасады. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққасын «Торғай» кеңшарына қоныс аударып, еңбек етеді. Жұбайы Ерденқызы Қапиза екеуі бірнеше бала өсіріп, оларға тиісті мамандық алуларына жағдай жасады. Мінезі жайсаң, кісіге қамқор, ортасына сыйлы ақсақал болатын. 1987 жылы 76 жасында дүниеден озды.