Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ырым мен тыйым
03.11.2020
Ырым мен тыйым
Ырымдар да психологиялық тұрғыдан ойлаудың қарапайым түрінен туындайтын наным-сенімнің бір түрі. Бұлар өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасқан этностық топқа ортақ, көшпенділер санасынан орын алған психологиялық ерекшеліктер. Тыйым мен ырым этностық қауымдастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кішіге, ұл мен қызға т.б. осы секілді әртүрлі топтарға байланысты айтылған. Мәселен, бөбек психологиясына байланысты бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады. Мұндағы түйін кебенек пен қамшы нәрестені ел қорғайтын, ер болсын деген ниеттен туған.
Тыйым сөздер – психологиялық мағынасы зор, адамды қолайсыз, зиянды әрекеттерден тартынуды талап ететін ерлі-зайыптылар мен үлкен кішінің, әке мен баланың, ұл мен қыздың, нағашы-жиеннің, ағайын-туыс, жекжат-жұрағаттың қарым-қатынасын реттестіруде өзіндік орны бар, сондай-ақ денсаулық, тазалық, әртүрлі жағдайда тәртіп сақтау, жол-жоба, жөн-жосық т.б. осы секілді әдет-ғұрыптарды бұлжытпай орындау мақсатында пайда болған рәсім. Мәселен, дос-туыс, құда-жекжатқа ит, пышақ, балта сыйламау, некелі төсекке басқа адамның отырмауы, ит аспанға қарап ұлыса жамандық шақырады деп қорқу, бос бесікті тербетпеу, жас босанған әйелдің қолын суық суға салдырмау, қыз баланың қатты сөйлемеуі, кіндігін көрсетіп жүрмеуі, қыз-келіншектің шашын, аттың құйрығын кеспеу т.с.с.