Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»

05.11.20

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Ысмағұлов Кәрімжан

1920 жылы Торғай қаласында туған. Әскерге 1940 жылы шақырылып, кейін Ұлы Отан соғысына қатынасып, аяғынан ауыр жараланып, ІІ топтағы мүгедек болып 1943 жылы елге оралды. 27 қызылтулы дивизияның 8 батальонында жауынгер бола жүріп, талай ерлік көрсеткен. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, басқа да мерекелік белгі-медальдар соның айғағы. Өмірінің көп уақыты ауданның байланыс мекемесінде өтті. Зейнетке шығар алдында «Юбилейный» кеңшарында материалдық қойма меңгерушісі болды. Жұбайы Үрзен Қарашақызы екеуі өмірге 5 ұл, 3 қыз бала әкеліп өсірген ұлағатты отбасы еді. Кәрімжан Ысмағұлұлы 1983 жылы Торғайда дүниеден өтті. Ұрпақтары  Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарының қала, ауданында тұрып жатыр.