Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақ халқының ұлттық ойындары
10.11.20
"Қазақ халқының ұлттық ойындары"
Халқымыз ежелден-ақ «қызына қылықты қылып, ұлына – ұлық қылып» тәрбие берген. Қызды отбасының тірегі, шаңырақтың ұйтқысы қылып, бала тәрбиелейтін аяулы ана болуға тәрбиелесе, ер баланы батыл, отбасыны асырайтын, қамқоршы қылып өсіреді. Отбасында берген тәрбиеден бөлек бүкіл салт-дәстүр, өмір сүру дағдысының өзі тәрбиеге үлкен мән береді. Солардың ішінде қазақтың ұлттық ойындарын алып қарастыруға болады. Әрбіреуі ақыл-оймен қадам жасап, епті болуға баулыйды. Тек тәннің күштілігін ғана ескермей, ақылмен ойлап, кедергіден тапқырлықпен өту, жолын іздеуге шақырады. Қазақ халқында ұлттық ойындардың сан алуан түрі бар.