11.11.20
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Ізтілеуов Борты 1904 жылы қазіргі Саға ауылында туған. Соғысқа дейін колхозда әр түрлі жұмыстар атқарған, 1942 жылы наурыз айында соғысқа алынды. Қатардағы жауынгер неміс фашистермен Украина жерінде соғыста оң жақ аяғынан жарақат алды. 1944 жылы елге оралды, іле еңбекке араласты. Колхозда, кейінен совхоз құрылғанда ағаш шебері болып жұмыс атқарды, зейнеткерлікке шыққанға дейін істеді. Зағипа Ержанқызымен отау құрады. Отбасында Бақыт, Сайран есімді балалары дүниеге келеді, немере- шөберелері бар. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль, орден, кеудеге тағатын белгілері мен марапатталды. 1992 жылдың 21 желтоқсанында қайтыс болды.