Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Мәриям Хакімжанова
16.11.20
Мәриям Хакімжанова ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы - (16 қараша 1906 жылы қазіргі Қостанай облысы — 1995, Алматы) —(1986). Абай атындағы ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар факультетін бітірген (1934). “Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер (1929 — 1932), жауапты хатшы (1932),Орынбор облысы Адамовка ауданы “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 — 1937), Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі (1938 — 1944),Тіл және әдебиет ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1945 — 1947),Республикалық кітап палатасында (1947 — 1951),“Жаңа өмір” журналында (1951 — 1956), Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор (1956 — 1958) қызметтерін атқарды.
Тұңғыш өлеңі “Женотдельге” 1929 ж. “Әйелдер теңдігі” журналында жарияланды.Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947), “Ана махаббаты” (1953, таңдамалы),“ Ана көктемі” (1963),“Гүл туралы аңыз” (1970), т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары,балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” (1959),“Ана мейірімі” (1964) жыр жинақтары басылды.
Хакімжанова Мәриям өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанова Мәриям-ның өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен , бірнеше медальдармен марапатталған.