25.11.20
Бүгін 25 қараша қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл .
Міржақып Дулатұлы - (25.11.1885 жылы, бұрынғы Торғай оязы Сарықопа болысы Қызбел а. – 5.10.1935, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1992 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде (Ташкент қаласында) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты»,- деп, жырымен халқын жұлқылап оятып, білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады.
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты