04.12.20
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Ы.Алтынсариннің адамгершілік тақырыбында шығармаларын насихаттау онлайн дәрісі.
Жас ұрпақтың – ақыл ойын, сезiмiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуiне барлық ынтасымен кірісе отырып, өзінің туындыларын сол бағытқа арнайды. Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдардың ерте замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселесінің бірі болып саналса, солар дың қатарында 19-асырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы -бірінші қазақ педагогы Ыбырай Алтысарин.
Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен,әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой, Н.Ф.Бунаковтармен пікірлес болды. Мектеп бағдарламасында Ы.Алтынсариннің шығармашылығын меңгертуге бірнеше сағаттар бөлінген. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жаттап өссе, кейінгі сыныптарда ұлы ағартушының тәрбиелік мәні өте жоғары әңгімелері мен лирикаға тұнып тұрған өлеңдерін оқып-үйренеді. Үйреніп қана қоймай, сол туындылардың астарында жатқан адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп өседі. Әр шығармасында Ы.Алтынсарин адамгершілікке сай келетін жақсылық істердің не екенін ашып беруге тырысады.
Кел, балалар, оқылық