Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

q

Оспанов Кәдір

08.12.20

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Оспанов Кәдір

1916 жылы Торғай уезінің Тосын болысында дүниеге келді. 1942 жылы ақпан айында армия қатарына Отанды қорғауға аттанды. Алғашқыда Свердловскі қаласында, кейін Шадринск қаласында дайындықта болған. Кейін екінші Белоруссия майданы құрамында Смоленскі көлемінен Украина, Белоруссияға дейін жаудың ізімен жүрген ауыр кездерді бастан өткізген. Соғыс кезінде бірнеше жерден жараланған. 1945 жылы желтоқсанда ауылға келді. 1946-1976 жылдар аралығында ұжымшарда қой бақты. Кейін кеңшарда, осы қой бағумен құрметті еңбек демалысына шықты. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің мерекелік белгі-медальдармен марапатталған. 1988 жылы дүниеден озды. Артында балалары, немерелері бар.