Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Омаров Әбдіқадір

08.12.20

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы 

Омаров Әбдіқадір

1908 жылы Торғай өңіріндегі Сарықопа деген жерінде туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әскерге шақырылғанға дейін «Шүмекті» ұжымшарында еңбек еткен. 1942 жылдың маусымынан 1945 жылдың маусымына дейін әскер қатарында болды. Әуелі Шұбаркөлде дайындықтан өтті. Ленинград майданының 1278-ші атқыштар полкінде талай ұрыстарға қатысты. 1945 жылы маусымда армиядан босатылды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының наградаларына ие болды. Елге келгеннен кейін әуелі ұжымшарда, кейін кеңшарда зейнетке шыққанға дейін малшы болды. 1990 жылы Торғайда қайтыс болды. Артында баласынан қалған немерелері бар.