09.12.20
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Нұрпейісов Мұқан
1902 жылы Торғай өңірінің Сужараған ауылында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Елде серіктестік құру ісіне белсене араласып, төраға міндетін атқарған. Сатушылық жұмыста да болған. Ұжымшарда ферма меңгерушісі болып істеген. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскер қатарында соғысқан. 1943 жылы жараланып жатқан жерінен немістер тұтқынға алған. 1945 жылы Гамбургтегі лагерьден американ әскерлері босатқан. Кейін Минск қаласында қатардағы жауынгер болып әскери міндетін атқарған. 1947 жылы елге оралды. Бейбіт уақытта «Сужарған», 1 мамыр ұжымшарларында малшы болып еңбек етті. 1962 жылы зейнетке шықты. Мерекелік медальдармен марапатталған. 1972 жылы дүниеден өтті. Артында балалары, немере, шөберелері бар.