09.12.20
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Нухин Әбдікәрім
1917 жылы Торғайдың Ақкөл ауылында туған. Білімі бастауыш. Әскерге 1941 жылы алынған. Курск доғасында айқасқан. 1944 жылы бір қолын беріп елге оралды. Соғыстан кейін ұжымшарда ферма меңгерушісі, кеңшарда малшы болып еңбек етті. Үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген, олардан тараған ұрпақтары әр жерде тұрып, еңбек етуде. Өзі 1975 жылы дүниеден өтті.