Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Мұстафин Мағаз

09.12.20

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Мұстафин Мағаз

1916 жылы Торғайдың Тосын елді-мекенінде дүниеге келген. Бастауыш деңгейінде сауаты бар. 1934 жылдан 1942 жылға дейін Тосын ауылдық кеңесіне қарасты Жаркешу ұжымшарында еңбек етті. 1942 жылдың ақпан айында әскер қатарына алынды, әуелі 125 атты әскерлер полкінде, кейін 234 қосалқы атқыштар полкінде соғысты. 1943 жылдың тамыз айынан 1944 жылдың қараша айына дейін 38, кейін 36 жеке жұмысшы батальонында қатардағы жауынгер міндетін атқарды. Жарақат алғаны бар. 1945 жылдың қараша айында армия қатарынан босатылды. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Елге оралғаннан кейін әр түрлі жұмыстар атқарды. 1954 жылдан әуелі ұжымшарда кейіннен кеңшарда жылқы шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосты. Ауданның «Ең үздік жылқышысы» атанды. Бүкілодақтық көрмеге қатысты. Аудандық, ауылдық кеңестердің депутаты болып сайланды.