1918 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Елдегі алғашқы механизатордың бірі. Ұжымшарда жүргізуші боп істеген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, Белоруссия майданында ұрыстарда болған. Бірнеше жауынгерлік медальдары бар. Елге оралған соң, әуелі ұжымшарда, кейін кеңшарда жүргізуші боп еңбек етті. Зейнетке 1978 жылы шығып, күзетшілік міндетін атқарды. Жұбайы Ағайша екеуі 10 бала өсірген үлкен отбасы. Өзі 1986 жылы қайтыс болды. Слғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған.