Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Құлмағамбетов Аққали
1924 жылы Албарбөгет ауылында туған. Әскерге 1942 жылы тамызда алынған. 169 атқыштар дивизиясында бөлімше командирі болған. 1946 жылдың сәуірінде елге оралған. Соғыста «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ұжымшарда есепші, кеңшарда бөлімше шаруашылық басқарушысы жұмыстарын істеген. Соғысқа қатынасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. Өзі дүниеден 1980 жылдары өтті. Ұрпақтары Қостанай, Арқалық, Торғай қалаларында өмір сүруде.