Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Қалиев Мұса
1907 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. САУЖОЙда және ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1941 жылы әскерге алынған. Белоруссия жерінде ұрыстарға қатнасқан. Соғысты Приморье өлкесінде жапондарға қарсы ұрыста жүріп аяқтады. Елге 1946 жылдың басында оралды. Көп жылдар бойы бірыңғай шопан боп істеді. Бейбіт уақытта үздік еңбегі үшін талай марапатқа ие болды. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Өз аулында 1988 жылы дүниеден өтті. Артында қалған 2 баладан 12 немерелері бар.