Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы Смайылұлы Сәлім

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Смайылұлы Сәлім (Мұхамметсәлім) 1916 жылы 3 сәуірде Еңбек совхозында дүниеге келген. 1941 жылы Ресейдегі Ярославск облысының Рыбинск қаласына 25 жасында соғысқа шақыртылады. Сол жерде 1 ай снайперлер дайындығында болып, «Лучший стрелок» атағын алып соғысқа аттанады. 1943 жылдың аяғында жау қолынан оң жамбасына оқ тиіп фашистердің қолына түсіп, 2 жыл тұтқында болады. 1945 жылы партизандар келіп тұтқыннан қашып шығып Францияда госпитальға түседі. 1945 жылдың соңында Жапон соғысына шақыртылып қайта дайындық жаттығуында болады. 1947 жылы елге оралып, еңбекке араласады. 1948 жылы отбасын құрады. Егіншілікпен айналысып бригадир болады. Албарбөгет бөгетін бөгеседі. Колхоздың шөбін шауып көмекші қызметін атқарады. 1966 жылы Айырқұм колхозында қой бағып еңбек етіп 1977 жылы зейнеткерлікке шығады. Жұбайы Темірбекқызы Гүлбаршын екеуі 10 баланы дүниеге әкеледі. 1999 жылы 8 Наурызда 84-жасында дүние салады. Қазіргі таңда 10 бала, 36 немере, 70 шөбере, 2 шөпшегі бар.