Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы Бектасов Мұқсымбек

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы

Бектасов Мұқсымбек

1926 жылы Торғайдың Тосынында туған. Әскерге 1945 жылдың 6 қаңтарында алынған. Чехословакия жерін азат етуге қатысқан. «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары осыған дәлел. Елге әскерден босап 1950 жылы оралған. Әуелі ұжымшарда, кейін КОКП ХХІ съезі атындағы кеңшерда үлгілі шопан болды. Жұбайы Зібира екеуі өмірге 10 бала келтіріп, олардың білім алуына жағдай жасады. Балаларының ішінде мұғалім де, басқа да мамандық иелері бар. Мұқсымбек Бектасов 1979 жылы дүниеден өтті. Отбасы қазіргі күнде Астанада тұрады.