Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Байділдин Ғабдолла (Қабылда)
1909 жылы Шилі өңірінде туған. Торғайда жеті жылдық білім алған. Елге белгілі азамат, жақын туысы Мақсұт Жоламанұлының бастауымен мұғалімдер курсын аяқтап, туған ауылында көп жыл оқытушы боп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы, Белоруссия, Украина жерлерін азат ету ұрыстарының дәл ортасында болды. Жауынгерлік медальдары бар. Соғыстан кейін елге келіп, әуелі мұғалімдік жұмыста, кейін ауылдағы мал дәрігерлік дәріхананың меңгерушісі болды. Жалғыз қызы Тұраш Қостанай ауданында тұрып жатыр. Үлгілі, инабатты отбасының ұйытқысы.