«Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасы аясында «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акцияны іске асыру барысында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-нің ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына 135 жыл, Алаштың кеуанасы , Міржақыптан қалған жалғыз перзенті Гүлнәр Дулатоваға 105 жыл толуына орай «Музей түні» жобасы онлайн форматында өтті.
Мұражай қызметкерлерінің қатысуымен арыстарымыз бен Торғай перзенттері жайлы толық ақпарат беріліп қана қоймай , көзбен көруге мүмкін болды. Экскурсияны кешеннің басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы өткізді.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/520-muzej-t-ni-zhobasy-onlajn-formatynda-tti.html#sigFreeIdc637222169