06.01.21
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Жайнақбаев Мұхамедиар
1912 жылы Торғайдың Тосын құмында туған. Қостанай қаласындағы мұғалімдік курстарды бітіріп, 1940 жылға дейін оқытушылық жұмыста болды. 1942 жылы әскерге алынды. Соғыста Калининград майданының төртінші екпінді армиясының 1119 атқыштар полкінде, 43 армияның 1984-ші запастағы полкінде жүріп жаумен айқасты, «Жауынгерлік еңбегі үшін» т.б. әскери медальдары бар. Әскерден 1946 жылы күзде оралды. 1949 жылға дейін аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушісі болып істеді. 1950 жылы аурулығына байланысты зейнетке шықты. Үш ұл, бір қыз баласы бар, олардан ұрпақтар тараған. 1985 жылы дүниеден өтті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль белгілермен марапатталған.