Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы Иланұлы Әбжамал

 

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы

Иланұлы Әбжамал

Торғайдың Тосын болысында туған. Білімі бастауыш деңгейінде, ауыл молдасынан да дәріс алған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1943 жылы алынып, Калинин майданында ұрыстарға қатынасқан. Екі рет қолтығынан, жамбасынан жараланған. Қолтығындағы мина сынығы өзімен бірге кетті. Елге 1945 жылдың басында оралып, ферма меңгерушісі боп істеген. Жасынан өнер, шебер күйші болатын. Кезінде Нұрхан Ахметбековпен бірге колхоз-совхоз театрында да халыққа қызмет еткен. 1960 жылы зейнетке шыққан. 1985 жылы туған ауылы Шегенде дүниеден өтті. Өмірге келтірген 5 ұл, 2 қызынан 35 немере, ондаған шөберелері бар.