Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы Ғалымов Қабыкен

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы

Ғалымов Қабыкен

1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шеген аулында өмірге келген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істейді. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Әуелі Калинин, кейін Украина майданында 11-ші кавалистер полкінің жауынгері ретінде талай шайқастарға қатынасқан. 1945 жылы қарашада елге оралған. Соғыс ардагері Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілді, «Ерлігі үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдары бар. Жұбайы Жұпан кейуана екеуі Айдар атты ұл өсірді, одан 11 немере сүйді. Қабекең қарт 1998 жылы дүниеден өтті.