Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Масабайұлы Қасқатай
Торғайдың Сарықопасында өмірге 1916 жылы келген. Білімі 7 сыныптық. Соғысқа кеткенше «Арал» ұжымшарында басқарма төрағасы болды. 1941 жылы тамызда әскерге алынды. Калинин майданында Ржев қаласын алу үшін жанталасқан айқасқа қатысты. 1943 жылы аяғынан жараланып, елге келді. Әскери бірнеше медальдары бар. Әуелі «Төңкеріс» ұжымшарында, кейін «Қызыл жұлдыз» ұжымшарында басқарма төрағасы боп жұмыс істеді. 1953 жылы іріленген «Октябрь» ұжымшарының, кейін, 1960 жылдан бастап, кеңшардың бөлімше меңгерушісі боп еңбектенеді. Соғыс мүгедегі есебінде 1971 жылы 55 жасында зейнетке шықты. 1987 жылы қайтыс болды. Жұбайы Алдоңғар екеуі 3 ұл, 1 қыз өсірген еді, 24 немере, 10 шөбересі бар.